Ермұрат Бапи: Қажеттіліктен туындаған қадам деп бағалауымыз қажет

Бұл туралы «Референдум–2026» онлайн-марафонында Мәжіліс депутаты, Конституциялық комиссия мүшесі Ермұрат Бапи айтты.

«Бұл қоғамда 15-20 жыл көлемінде айтылып келе жатқан мәселе. Унитарлы ел болғандықтан, Қазақстанның Парламенті бір палаталы болуы керек деген талап та айтылды, өзгеріс енгізу керек деген ұсыныс та болды. Дамудың жаңа деңгейіне жеткен елдің өміріне қажеттіліктен туындаған және жүзеге асып жатқан қадам деп бағалауымыз қажет», - дейді депутат.