Қазақстан құрамасы әртістік жүзуден әлем кубогы кезеңінде 6 медаль алды

Жарыс барысында әлемнің 20-дан астам елінен келген спортшылар жүлдеге ілікті. Жалпы командалық есепте Ұлыбритания 3 алтын медальмен көш басында тұрса, Қазақстан 2 алтын, 1 күміс, 3 қоламен екінші, Канада 2 алтын, 1 қоламен үшінші орынға тұрақтады.

Ел құрамасы сапынан еркін бағдарламада Эдуард Ким жеңіс тұғырына көтерілді. Ал әйелдер арасындағы еркін бағдарламада командалық сайыста Ясмин Тұяқова, Даяна Жаманчалова, Ксения Макарова, Жаклин Якимова, Айгерім Құрманғалиева, Анна Павлецова, Валерия Столбунова, Карина Магрупова, Наргиза Болатова, Ясмина Исламова чемпион атанды.

Күміс жүлдеге акробатикалық командамыз (Наргиза Болатова, Виктор Друзин, Ксения Макарова, Жаклин Якимова, Айгерім Құрманғалиева, Анна Павлецова, Валерия Столбунова, Карина Магрупова, Ямин Тұяқова, Ясмина Исламова) ие болса, қола жүлдеге Виктор Друзин (техникалық соло), Алдияр Рамазанов пен Ясмина Исламова (аралас техникалық дуэт), Наргиза Болатова мен Виктор Друзин (аралас еркін дуэт) қол жеткізді.

Фото: ҰОК