Қазіргі заманда жасанды интеллект (ЖИ) технологиялары адам өмірінің көптеген саласына белсенді түрде еніп жатыр. Ғалымдар мен қоғам арасында бір маңызды сұрақ туындайды: ЖИ адам санасының жалғасы ма, әлде болашақта адамға бәсекелес бола ала ма?
Жасанды интеллект (ЖИ, ағылш. Artificial Intelligence) — адамның ойлау, үйрену, шешім қабылдау және шығармашылық қабілеттерін модельдейтін интеллектуалды компьютерлік бағдарламалар мен машиналар жасау ғылымы мен технологиясы
Жасанды интеллект» сөзін алғаш рет 1956 жылы Дартмут университетінде өткен конференциясының преамбуласында Джон Маккарти қолданған. Маккартиге сәйкес «жасанды интеллектті» зерттеушілер нақты проблеманы шешу үшін адамдарда байқалмайтын интеллектіні зерттеуіне болады.[1]
Шындығында, жасанды интеллект Джон Маккартиге дейін де қолданылған. Тек оған дәл осы атау берілмеген болатын. Мысалы, екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Алан Тюринг есімді ағылшын математигі немістің құпия ақпаратын бұзып, оны шифрдан шығаратын машина құрастырады.
Алан Тьюринг соғыс кезінде Германияның әскери-теңіз флотының хабарламаларына криптоанализ жасайтын ағылшын үкіметінің Hut 8 атауына ие тобына жетекшілік еткен. Ол немістердің Энигма аппаратының кодын бұзып, мыңдаған адамның өмірін сақтап қалады. Соғыстан кейін ағылшын ғалымы алгоритмдік анализ жасаумен айналысып, 1950 жылы компьютер интеллектінің деңгейін анықтайтын тест әдісін жасап шығарады. Тьюринг тесті бүгінгі күнге дейін қолданылады.[1]
Жасанды интеллект әдістері аз құрылымданған заттық салалар үшін тиімді, яғни іс-әрекет алгоритмы салалар үшін алдын ала белгілі. Осындай салалар үшін кіру мәліметтерге айқындықсыз бен саралықсыз сипатта. Сонымен бірге, қабылданатын шешімдер бірмәнді, айқын және саралықты болу керек. Және де осындай шешімдердің тиімділігін болжау мүмкіндігі болған жөн.[2]
Осындай салаларға: медицина, экономикалық менеджмент, күрделі техникалық объектілерді басқару, психология, лингвистика және т.б. жатады. «Күрделі» жүйелер дегеніміз - іс-әрекет принциптері толығымен белгілі емес жүйелер. Мысалы, «программалау тілі» жүйесі бірінші курс студентіне күрделі болып көрінеді, ал бітіруші үшін бұл – жай үлкен (көп белгілі элементтері бар) жүйе. Жасанды интеллект әдістерінің тиімді қолдау салаларына не жатпайды? Бұл - жақсы құрылымданған заттық салалар. Оларға біріншіден, дәлі және инженерлік ғылымдар: математика, физика, материалдар кедергісі, геодезия және т.б. кіреді. Себебі, осы ғылымдардың есептерін шешу үшін өзіндік берікті алгоритмдер мен тәсілдер баяғыдан бар. Айта кетейік, есептеуіш техниканы енгізген кезде осы ескі және тексерілген алгоритмдер мен тәсілдер өзгереді .
Сондықтан есептеуіш күрделігі өсу немесе алгоритмның өзінің күрделенуі мүмкін. Компьютер болмаған дәуірде жасалынған алгоритмдер мен әдістер ең жақсы нәтижені алуға бағытталмай, минимал есептеуіш шығын арқылы нәтижені алуға арналған. [2] Қазіргі кезде жасанды интеллект қарқынды дамып келе жатыр, онсыз адам өмір сүре алмайды деп ойлаймын. Жасанды интеллект адамзат санасының жалғасы ма әлде бәсекесі ме? Деген сұраққа жауап іздейміз.
-Бір жағынан жасанды интеллект адам санасының жалғасы деп білімін . Себебі оны адамдар жасайды, үйретеді және де дамытады. Жасанды интеллект адамның ойлау қабілеті дамытады.Жасанды интеллект адамның ойлау қабілетін алмастырмайды, керісінше оны күшейтеді.[3]
-Екінші жағынан дәрігерлер диагноз қоюда Жасанды интеллект көмегін қолданады, ал оқушылар білім алуда интеллектуалды бағдарламаларды пайдалана алады.
-Үшінші жағынан ол адамдарға ауыр немесе қауіпті жұмыстарды орындауға көмектеседі. Сонымен қатар, үлкен көлемдегі ақпаратты тез өңдей алады. Мысалы, ауа райын болжау, ауруларды ерте анықтау, табиғи апаттарды бақылау сияқты салаларда Жасанды интеллект маңызды рөл атқарады.
Бірақ ЖИ дамуы жаңа сұрақтар да туғызады. Мысалы, болашақта кейбір мамандықтар өзгеруі немесе жаңа мамандықтар пайда болуы мүмкін. Сонымен қатар, технологияны дұрыс қолдану, деректер қауіпсіздігі сияқты мәселелер де маңызды болып қала береді.[3]
Қорыта айтқанда, жасанды интеллект — адамдар үшін пайдалы технология. Ол адамдардың жұмысын жеңілдетуге көмектеседі. Сондықтан жасанды интеллектті дұрыс және ақылмен қолдану — қазіргі қоғам үшін өте маңызды.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1.https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%96%D0%B0%D1%81%D0%B0%D0%BD%D0%B4%D1%8B_%D0%B8%D0%BD%D1%82%D0%B5%D0%BB%D0%BB%D0%B5%D0%BA%D1%82#cite_ref-macarti_1-2
2.А. Ж. Асамбаев
ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ НЕГІЗДЕРІ
3.Жасанды интеллект туралы ғылыми мақалалар
Орындаған: Марат Диляра, Наргел Арайлым, Мәнибек Арай, Мырзаділ Айзада
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті
фото: freepik