Алматы қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитеті шетелдік әріптестермен бірлесіп халықаралық есірткі арнасының жолын кесуге бағытталған арнайы операция жүргізді.
Нәтижесінде синтетикалық есірткінің ірі партиясын алмақ болған Қазақстан азаматы ұсталды. Күдіктіден шамамен 8 келі метамфетамин тәркіленген.
Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот санкциясымен күдікті қамауға алынды.
Фото: ҰҚҚ