Әлихан Бөкейханның туғанына – 160 жыл

Бүгін «Алаш» қозғалысының негізін қалаушы, халқымыздың біртуар перзенті, публицист, ғалым Әлихан Бөкейхан дүниеге келген күн.  

ХХ ғасыр басында Әлихан Бөкейхан бастаған қазақ зиялылары ұлттық мүдде жолында аянбай еңбек етіп, мемлекетшілдіктің озық үлгісін көрсетті. Жер, тіл, адам құқығы және қазақтың тұтас тәуелсіздігі үшін күресті. Талай тауқымет тартып, сол жолда жанын қиды. Әлихан Бөкейханның ұлттың саяси санасын оятудағы публицистикалық еңбектері ерекше маңызға ие.


Фото: egemen.kz