Астанада ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының марапаттарын табыстау рәсімі өтті.
Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген түркі әлемі мәдениетін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін ТҮРКСОЙ ұйымының ең жоғары наградасы саналатын «Түркі әлемінің мәдени елшісі» атаулы орденімен марапатталды.
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, актриса Самал Еслямова түркі және әлемдік кино өнерінің дамуына қосқан айрықша үлесі үшін «Түркі әлемінің үздік әртісі» номинациясы бойынша арнайы жүлдеге ие болды.