Қазақстанда әйелдердің зейнетке шығу жасы 2028 жылдан бастап өзгереді

Еңбек министрлігінің мәліметінше, 2028 жылғы 1 қаңтардан бастап әйелдердің зейнеткерлік жасы кезең-кезеңімен ұлғая бастайды:

🔺2028 жылы – 61,5 жасқа толғанда;
🔺2029 жылы – 62 жасқа толғанда;
🔺2030 жылы – 62,5 жасқа толғанда;
🔺2031 жылы – 63 жасқа толғанда.

Министрлік бұл кезеңдік арттырудың зейнетақы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтарын сақтау мақсатында енгізіліп отырғанын атап өтті.


Фото: egemen.kz