Таяу Шығыстағы шиеленіс аймағынан 7300-ден астам қазақстандық елге қайтарылды

Сыртқы істер министрлігі құзырлы мемлекеттік органдармен бірлесіп, Таяу Шығыстан азаматтарымызды қайтару жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Министрлік мәліметінше, эвакуация басталғалы бері резидент және резидент емес әуе компанияларының қолдауымен 7300-ден астам қазақстандық елге қайтарылған.

Әуе рейстерінен бөлек, азаматтарды эвакуациялау Әзербайжан, Армения және Түрікменстанның құрлықтағы мемлекеттік шекаралары арқылы да жүзеге асырылып жатыр.

Өңірдегі Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктері жергілікті жерде іс-қимылдарды үйлестіру жұмыстарын жүргізуде. Отандастарымызбен тұрақты түрде байланыс бар.



Фото: Kazinform