15 мыңнан астам азамат баспанасын жекешелендірді

Елімізде былтыр 8 мыңға жуық жалға берілетін тұрғын үй және 11 мыңнан астам жеңілдікті ипотекалық қарыз берілді.

Сондай-ақ 15 мыңнан астам адам сатып алу құқығынсыз берілген тұрғын үйді жеке меншікке рәсімдеді. Бұл туралы Үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев айтты.

«Сондай-ақ 11 мыңнан астам адам жалдау ақысының бір бөлігіне субсидияларды пайдаланды, бұл мақсаттарға 7,6 млрд теңге бөлінді», - деді министр.



Фото: gov.kz