IBF ережесіне сәйкес, чемпион өз белдігін тоғыз ай (2026 жылдың 4 шілдесіне дейін) ішінде қорғауы тиіс. Еске сала кетейік, отандасымыз осы жылдың 2 желтоқсанына дейін бір жылға бокстан шеттетілген болатын.
"Бүгін IBF шешімі келді. IBF ұйымының қатал ережелері бар, хатында соған сілтеме жасалған. Хатқа сәйкес, Жәнібек Әлімханұлы 2026 жылғы 2 желтоқсанға дейін шеттетіледі. Сондай-ақ, ережелер бойынша әрбір чемпион өз белбеуін тоғыз ай ішінде қорғауы тиіс, яғни Жәнібек оны 2026 жылғы 4 шілдеге дейін қорғауы қажет", — деді Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының президенті Рахымжан Ерденбеков.
Фото: instagram.com/janibek_alimkhanul