Наурызнама онкүндігі: Астанада қандай іс-шаралар өтеді?

Наурыз мерекесіне орай елордада 200-ден астам түрлі бағыттағы іс-шара мен акция ұйымдастырылады.


▫️14 наурыз күні:

Достық үйінде «Ұлы Еліміздің Көрісу күні – Амал мерекесі» атты іс-шара;

12:00-де «Ататүрік» саябағында «Көрісу күні – Амал мерекесі» атты ауқымды жиын;

«Nauryz Sale» ауқымды азық-түлік жәрмеңкесі басталады.



▫️15 наурыз - Қайырымдылық күні:

«Ардагерлерді ардақтайық» акциясы;

ССО бірінде «Тілек ағашы – Армандар әлемі» орнатылады;

Кәсіпкерлердің «Он игі іс» акциясы өтеді.



▫️16 наурыз - Мәдениет және ұлттық дәстүрлер күні:

17:00-де Е.Рахмадиев атындағы филармонияда «Мәдениет күні – шынайы дәстүр кеңістігі» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылады.



▫️17 наурыз – Шаңырақ күні:

Ж.Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында ауқымды флешмоб және «Алтын асық» ойыны;

Көпбалалы аналарға «Күміс алқа» және «Алтын алқа» төсбелгілерін табыстау рәсімі өтеді.



▫️18 наурыз - Ұлттық киім күні:

13:00-де Е.Рахмадиев атындағы филармонияда «Алтын әже» республикалық байқауы;

Ұлттық музейде «Ұлттық киім – ұлт бейнесі» іс-шарасы;

«Ұлттық киімдегі бір күн» челленджі басталады.



▫️19 наурыз - Жаңару күні:

Кәсіпкерлер «Жауапты бизнес – жаңарған қала» ұранымен тазалық акциясын ұйымдастырады.



▫️20 наурыз - Ұлттық спорт күні:

«QAZAQSTAN» жеңіл атлетика кешенінде «Ұлы дала ойындары» спорттық эстафетасы;

Бейбітшілік және келісім сарайында «Наурыз сыйлығы» ұлттық премиясы өтеді.



▫️21 наурыз – Ынтымақ күні:

«Наурыз – береке бастауы» концерттік бағдарламалары қаладағы алаңдарда болады.



▫️21-22 наурыз күндері «Қазақ елі» алаңында гуманоидты робот пен робот-иттің қатысуымен арнайы көрсетілімдер;

▫️21-23 наурыз аралығында EXPO көрме орталығында Наурыз мерекесіне арналған іс-шаралар, жәрмеңке өтеді.



▫️23 наурыз - Тазару күні:

«Өзіңнен баста» челленджі;

«Жер сағаты» экологиялық акциясы ұйымдастырылады.



Фото: egemen.kz