Қазақстанға салынған инвестиция көлемі 22,7 трлн теңгеге жетті

2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 22,7 трлн теңгеге жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 13%-ға өсті.

Инвестициялық белсенділік қаржы және сақтандыру, энергетика, ауыл шаруашылығы, өңдеу өнеркәсібі, ақпарат және байланыс, білім беру мен көлік салаларында айтарлықтай артты. Сонымен қатар, шетелдік инвестиция ағыны да өсіп, 2025 жылдың 9 айында 14,9 млрд долларды құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 10,9%-ға жоғары.

 Ең жоғары өсім тіркелген салалар:

▪️ Қаржы және сақтандыру — +88,4% (313,5 млрд тг);
▪️ Электр энергиясы, газ, бу, ыстық су — +53,1%;
▪️ Ауыл шаруашылығы — +53%;
▪️ Өңдеу өнеркәсібі — +30,1%;
▪️ Ақпарат және байланыс — +13,4%;
▪️ Білім беру — +9,2%;
▪️ Көлік және қойма — +9%.

Сонымен қатар, шетелдік инвестиция ағыны да артып, 2025 жылдың 9 айында 14,9 млрд долларды құрады. Инвестициялық ахуалды жақсарту үшін 2030 жылға дейінгі саясат қабылданып, инвесторларға қолайлы жағдай жасау шаралары күшейтілуде.


Фото: ingos.ru