Ауруханада жатқан немесе әскердегі азаматтар қалай дауыс береді?

Референдум күні ел бойынша арнайы сайлау учаскелері жұмыс істейді. Орталық референдум комиссиясының мәліметінше, мұндай учаскелер әскери бөлімдерде, ауруханаларда, перзентханаларда және басқа да мекемелерде ұйымдастырылады. Жалпы саны 622 учаске ашылады.

Әдетте дауыс берушілер тіркелген мекенжайы бойынша өз учаскесіне баруы керек. Егер азамат тізімнен өз есімін таппаса, учаске қызметкерлерінен көмек сұрай алады. Мамандар оның қай учаскеде дауыс беретінін анықтап береді.


Фото: egemen.kz