Сенат депутаты: Қазақстанның көк паспорты – абырой мен жауапкершілік белгісі

Сенат депутаты Бибігүл Жексенбай Мемлекет Қазақстан елшіліктерінің қызметкерлері мен әуе қызметінің мамандарының ерлігін ерекше бағалады. Олар қиын жағдайда азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, елге аман-есен жеткізген.

Бибігүл Жексенбай Қазақстанның жаңа 50 елге кіруін жоғары рейтингтің белгісі деп атап, әрбір қазақстандық көк паспортты абыройлы түрде ұстап, еліміздің беделін әлемге танытуы тиіс екенін айтты.