Еліміздегі референдум учаскелерінің ешқайсысында қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу фактілеріне жол берілмеді. Бұл туралы «Референдум – 2026» онлайн-марафоны аясында ОКҚ алаңында өткен брифинг барысында ҚР ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев хабарлады.
- Бүгін полиция қызметкерлері еліміз бойынша республикалық референдумның қауіпсіз өтуін қамтамасыз етті. ҚР ІІМ дауыс беру аяқталғаннан кейін де қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуді жалғастырады. Сайлау комиссияларының, байқаушылардың қауіпсіз жұмыс істеуіне және азаматтардың өз таңдауын еркін түрде жасауына барлық жағдай жасалды, - деді ол.