Әлемдік нарықта Brent маркалы мұнайдың бағасы барреліне 104 долларға дейін көтерілді

Бұған Таяу Шығыстағы әскери-саяси жағдайдың ушығуы әсер етіп отыр. Сарапшылардың айтуынша, аймақтағы қақтығыс мұнай жеткізіліміне қауіп төндіріп, нарықтағы алаңдаушылықты күшейткен.

Соның салдарынан халықаралық биржаларда мұнай бағасы күрт өсті. Кейбір сауда сессияларында Brent маркалы мұнай барреліне 106 долларға дейін көтерілген.

Аймақтағы шиеленіс ұзаққа созылса, энергия ресурстарының бағасы одан әрі өсуі мүмкін екенін сарапшылар жоққа шығармайды.


Фото: egemen