«Қазақстанның Автокөлік Одағы» дерегінше, 2026 жылғы ақпанда ел аумағындағы ресми дилерлер 13 399 жаңа жеңіл және коммерциялық автомобиль сатты.
Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 16,1%-ға төмен. Екі айдың қорытындысы бойынша 27 643 автомобиль сатылды. Бұл былтырғы ұқсас кезеңге қарағанда 1,5%-ға көп.
Одақтың хабарлауынша, ақпанда сауда көлемі кемігенмен, алғашқы екі айдың қорытындысы бойынша елдегі жаңа автокөліктер нарығы оң динамиканы сақтап тұр.
Фото: egemen.kz