Бүгін Орталық референдум комиссиясы 15 наурызда өткен жаңа Конституция жобасына қатысты референдумның түпкілікті қорытындысын шығарды.
- Референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың жалпы саны – 12 482 613;
- Дауыс беруге қатысқан азаматтардың саны – 9 127 192 немесе 73,12%;
- Референдумға шығарылған мәселенің оң шешімін жақтап дауыс берген азаматтардың саны – 7 954 667 немесе дауыс беруге қатысқандардың 87,15%-ы;
- Референдумға шығарылған мәселенің теріс шешімін жақтап дауыс берген азаматтардың саны – 898 099;
- Жарамсыз деп танылған бюллетеньдердің саны – 146 558.
Осылайша республикалық референдумға дауыс беру үшiн шығарылған жаңа Конституция қабылданды деп есептеледі.
Фото: gov.kz