Балалар спортын қаржыландыру көлемі екі есеге жуық артады

Бұл туралы бүгін Президент қол қойған «Туристік саланы және балалар спортын қолдау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңында айтылған.

Құжатқа сәйкес, балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерін жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру жүйесі енгізіледі.

Туризм және спорт министрлігінің хабарлауынша, бұл жүйесіне көшу балалар мен жасөспірімдер спортын қамтамасыз ету деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде бір спортшыны қамтамасыз етуге жылына орта есеппен 415 мың теңге бөлінеді. Қазір сметалық қаржыландыру кезінде бұл көрсеткіш орта есеппен 233 мың теңге.

Жобаны іске асыру үшін қосымша қаражат жергілікті бюджеттер есебінен бөлінеді.


Фото: aqshamnews.kz