Интернет алаяқтық: Мыңға жуық адам жауапкершілікке тартылды

Жыл басынан бері интернет-алаяқтық саны 8,3%-ға төмендеді. Ал 913 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылып, 1,9 млрд теңге қайтарылған. Бұл жалпы келтірілген залалдың 57%-ы.

Бас Прокуратураның ресми өкілі Ерлан Жанпейсовтың мәліметінше, дропперлік үшін жауапкершілік енгізілгеннен бастап 400-ден астам іс тіркелді. Оның 66-сы сотқа жолданды.

Бұдан бөлек, БҚО-да алаяқтарға көмектесіп, мыңнан астам SIM-картаны өз атына рәсімдеген азамат ұсталған. Ол 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

Ал Қостанай облысында шетелдік алаяқтарға IP-телефония қызметін көрсеткен адам 7 жылға сотталды.


Фото: egemen.kz