Мемлекет басшысы Ораза айт мерекесімен құттықтады

Рамазан аяқталып, айт мейрамы басталды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осынау күнмен барша ел азаматтарын құттықтады.

«Бұл – бүкіл мұсылман қауымы үшін мән-маңызы ерекше, қасиетті мереке. Осы мейрамда рухани тазару мен парасаттылық, сабырлық пен қанағатшылдық, өзара сыйластық пен тілектестік, жанашырлық пен жақсылық құндылықтары дәріптеледі», деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ Президент ораза ұстау – тек діни парыз ғана емес, адамның ішкі жан дүниесін кемелдендіретін үлкен мектеп екенін жеткізді. «Отыз күн ораза тұтқан жұрт иманын байытып, кемелдікке ұмтылады. Төзімін шыңдап, төңірегіне қамқорлық танытады. Игі істерге ұйытқы болып, мұқтаж жандарға қол ұшын созады», -
деді ол.

Қасым-Жомарт Тоқаев ата дәстүр мен асыл діннің ел бірлігін нығайтудағы рөліне де назар аударды.


Фото: Ақорда