Қытайлық танымал блогер Қазақстанның туристік әлеуетін насихаттады

Қытайлық танымал модель әрі саяхатшы-блогер Таотао Маңғыстау облысы туралы бірнеше бейнеролик түсіріп, өңірдің көрікті жерлерін көрсетті.

Жаңа видеоларда Таотао ұлттық киім киіп, Бозжыра шатқалының ақ жартастары мен Боқты тауы аясында қолына бүркіт ұстап түскен. Торыш алқабында ол тазы тұқымды итпен бірге тас шарлардың арасында серуендеген.

Ал, Каспий теңізі жағалауында қара тұлпармен шауып өткен.

Таотао атқа нық отырады және саятшылық өнерін жетік меңгерген. Өз жарияланымдарында ол табиғат үйлесімі мен ұлттық дәстүрлердің байлығын насихаттайды.


Фото: видеодан скриншот