Түркістан облысында Наурызнама аясындағы «Ұлттық спорт» күні ерекше оқиғамен есте қалды. «Түркістан арена» стадионында бір мезетте мыңнан астам бала асық ойнап, Қазақстанның «КИнЭС» рекордтар кітабына енді.
Шараға өңірдің барлық аудан-қалаларынан оқушылар қатысып, рекордты «КИнЭС» кітабының ресми өкілі Бақытжан Тастүлеков арнайы сертификатпен растады.
Бастама эстафета ретінде Шымкент қаласына жолданды.
Фото: Ерсұлтан Әмірбектен