Елімізде «Мөлдір бұлақ» ауқымды экологиялық акциясы басталды

Су ресурстары және ирригация министрлігінің хабарлауынша, «Таза Қазақстан» бастамасы аясында еліміздің барлық өңірінде бұлақтарды тазалауға бағытталған «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы басталды.

Ауа райына байланысты алғашқы кезеңде шара Шымкент қаласы, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан және Жетісу, Жамбыл облыстарында өткізілген. Акцияға бір мезгілде шамамен 3,8 мың адам қатысып, олар бұлақтардың көзін ашып, қалпына келтірген. Сонымен қатар айналасындағы аумақтар тазартылып, абаттандырылған, қоқыс жиналып, көшеттер отырғызылған.


Фото: qazaqstan.tv