Көлік салығын төлеу мерзімі аяқталуға жақын

Мемлекеттік кірістер комитеті азаматтарға 1 сәуірге дейін төлем жасау қажет екенін ескертті. Салық сомасы 2025 жылға белгіленген айлық есептік көрсеткіш негізінде есептеледі. Ол – 3 932 теңге.

Төлем мөлшерін комитеттің ресми порталынан немесе банк қосымшаларынан тексеруге болады. Қазіргі таңда салық органдары азаматтарға төлем туралы PUSH-хабарламалар жолдаған. Егер салық уақытында төленбесе, 2 сәуірден бастап өсімпұл есептеле бастайды. Ал 10 мамырдан кейін мәжбүрлі өндіріп алу шаралары қолданылуы мүмкін.

Берешек көлемі 1 айлық есептік көрсеткіштен асса, салық бұйрығы жіберіледі. Ал 40 АЕК-тен жоғары қарыз болған жағдайда елден шығуға шектеу қойылуы ықтимал.


Фото: egemen.kz