Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандық альпинизмнің аңызы Ерванд Ильинскийге еліміздің ең жоғары дәрежелі айрықшалық белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын табыс етті.

Президент өз сөзінде аты аңызға айналған тұлғамен жүздескеніне қуанышты екенін жеткізіп, бұл марапаттың тек жеке тұлғаға емес, бүкіл отандық кәсіби спорт мектебіне берілген жоғары баға екенін атап өтті.

Айта кетейік, тәлімгер бастаған қазақстандық альпинистер мектебі әлемдегі ең биік 14 шыңды бағындырып, көк байрағымызды жер шарының ең биік нүктелерінде желбіреткен.


Фото: Ақорда