Таразда екі зауыт ашылды

Таразда 4 млрд теңгеге жуық инвестициялық қаржыға мәрмәр ұнтағы мен құрғақ құрылыс қоспаларын шығаратын екі зауыт ашылды. Қос өндіріс орны елімізде бірегей кәсіпорын саналады.

Құрғақ құрылыс қоспаларын шығаратын зауыт жылына 150 мың тонна өнім өндіре алады. Бұл жыл сайын елдегі 70 мыңға дейін пәтерді қажетті материалмен қамтуға мүмкіндік береді.

Ал мәрмәр ұнтағын шығаратын зауыттың жылдық қуаты 120 мың тоннаға дейін жетеді. Бұл - отандық өндірісті дамыту арқылы импортқа тәуелділікті азайтады.


Фото: baq.kz