Аягөздік оқушы пластик қалдықтарынан эко-асфальт жасап шығарды

10-сынып оқушысы Аружан Қабдұлмаратова пластик қалдықтарынан асфальт жасау әдісін ұсынды.

Ол жобамен 7-сыныптан бері айналысып, тұрмыстық пластикті өңдеу арқылы асфальт құрамына енгізу тәсілін әзірлеген. Аружан  арнайы автономды роботтар жүйесін де енгізуді жоспарлап отыр. Айтуынша, «А» роботы жолдағы ақауларды анықтаса, «В» роботы оларды жедел жөндеуге мүмкіндік береді.

Мамандардың бағалауынша, мұндай асфальт 12–18 жылға дейін, ал сапалы түрлері 20–25 жылға дейін шыдайды.


Фото: gov.kz