Астаналық оқушы Гарвардқа оқуға түсті

Астаналық оқушы Гарвардқа оқуға түсті

Астана қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің оқушысы Бөрте Сайранбекқызы Гарвард университетіне оқуға қабылданды, деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігі.

Оның айтуынша, Гарвард университетіне түсу жүйелі дайындықтың нәтижесі. Оқу барысында Бөрте академиялық жүктемені әлеуметтік және шығармашылық бастамалармен ұштастыра білген. Бөрте мектеп бағдарламасы аясында ғылыми жобалармен де айналысқан. Мектептің қолдауымен халықаралық ғылыми бағдарламаға іріктеуден өтіп, АҚШ университеті профессорының жетекшілігімен білім алып, зерттеу жұмыстарын жүргізген.

Бұдан бөлек, SAT, IELTS, CAE және HSK халықаралық емтихандарында жоғары нәтиже көрсеткен. Бөрте қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген. Сонымен қатар қытай тілін оқып, Advanced Placement бағдарламасы аясында қытай тілінен де емтихан тапсырған.

"Оқу барысында табандылық пен еңбекқорлық танытқан ол 10-сыныптан кейін түрлі пәндер бойынша 7 емтихан тапсырып, AP International Diploma иегері атанды", - делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, Бөрте Advanced Placement бағдарламасының мүмкіндіктерін тиімді пайдаланған.Фото: Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі

Фото: Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі