23 градусқа дейін жылы: Қазақстанның ірі қалаларында бүгін ауа райы қандай болады
Астана, Алматы мен Шымкентте 30 наурызда ауа райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті.
Бүгін Алматыда күн аздап бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы 23 градусқа дейін көтеріліп, түнде 5 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 2,5 м/с деңгейінде болмақ.
Астанада синоптиктер болжамынша, күн бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы 12 градусқа дейін жетіп, түнде -2 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 3,8 м/с деңгейінде болады.
Шымкентте бүгін күн бұлтты болады. Күндіз термометр бағаны 22 градусқа дейін жетіп, түнде 11 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 2,7 м/с деңгейінде болмақ.
Көрнекі сурет: NUR.KZ / Владимир Третьяков