Ақ үй Иранмен келісімді 6 сәуірге дейін жасауды көздейді

Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Ливитт мәлімдеді. Оның айтуынша, осы мақсатқа байланысты АҚШ Иранның энергетикалық инфрақұрылымына жасалатын соққыларды уақытша тоқтатқан.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Truth Social желісінде мұндай шабуылдардың 10 күнге – 6 сәуірге дейін тоқтатылатынын хабарлаған болатын.

Сонымен қатар Трамп келіссөздер сәтсіз аяқталған жағдайда Иранның электр станциялары, мұнай кен орындары және Парсы шығанағындағы Харк аралы нысанаға алынуы мүмкін екенін ескерткен.


Фото: egemen.kz