Жетісу облысында бір тәулік ішінде үшінші рет жер сілкінді

Жетісу облысында бір тәулік ішінде үшінші рет жер сілкінді

Жетісу облысында тағы да жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

"СБЗҰҒО" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі сағат 13:23-те жер сілкінісін тіркеді.

"Эпицентр Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 267 шақырым жерде, Қазақстан аумағында орналасқан", - делінген хабарламада.

Есептік қарқындылық (баллмен):

Халықтан 112 нөміріне қоңырау түскен жоқ.

Еске салайық, бұл осы ауданда кейінгі тәулікте тіркелген үшінші жер сілкінісі. 31 наурызға қараған түні мұнда магнитудасы 4,4 жерасты дүмпуі тіркелген.

Екінші жер сілкінісі Астана уақытымен 11:11-де болды. Эпицентрі Жаркенттен солтүстік-батысқа қарай 52 шақырым жерде орналасқан. ТЖМ жерасты дүмпуінің күші туралы мәліметтерді жариялады.

Фото: Яндекс карта скриншоты