Қазақстан жолдарында жүргізушісіз көліктер пайда болады

Қазақстан жолдарында жүргізушісіз көліктер пайда болады

Бүгін Үкімет отырысында премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев пилотсыз технологияларды дамытуға ерекше көңіл бөлінетінін айтты.

Қазақстанда халықаралық технологиялық компаниялардың қатысуымен пилотсыз автомобильдердің эксперименттік жобасын іске қосу мақсаты қойылған. Жобаны іске асыру 2026 жылдың ІІ тоқсанына жоспарланып отыр.

Елімізде технологиялық шешімдерді енгізу үшін қажетті инфрақұрылым қалыптасып келеді. Жеке бастама шеңберінде жеткізуші дрондарды енгізу бойынша пилоттық жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл қалалық ұтқырлық пен логистиканың жаңа үлгілерін сынауға мүмкіндік береді.

Фото: Depositphotos.com