Атыраулық өнерпаздар Парижде өткен байқауда бас жүлде жеңіп алды

Францияның Париж қаласында өткен халықаралық «Etoile’s de Paris» өнер байқауында атыраулық Ш.Шәріпов атындағы балалар саз мектебінің «Әсем-ай» ансамблі бас жүлдеге ие болды.

Байқауға 200-ге жуық өнерпаз қатысып, Қазақстан, Франция және өзге де елдердің өкілдері бақ сынады. Атыраулық ұжым осы қатысушылар арасынан үздік атанды.

Ансамбль Махамбет Өтемісұлының «Ей, Махамбет, жолдасым» термесін орындап, халықаралық қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.


Фото: atr.kz