Қаржы мониторингі агенттігі Абай облысында заңсыз алкоголь өнімдерін өндіретін жасырын цехтың қызметін тоқтатты. Тергеу амалдарына сәйкес, Семей тұрғыны тиісті лицензиясыз алкоголь өндіруді ұйымдастырған.
Орынжайлар мен гараждарда спиртті сумен араластыру арқылы алкоголь дайындалып, кейін танымал брендтердің атауымен шыны бөтелкелерге құйылған. Өнімге заңды сипат беру үшін алдын ала қолдан жасалған есепке алу-бақылау маркалары пайдаланылған.
Фото: ҚМА