Қазақстанда мемлекеттік құпияларды сақтауға қатысты жауапкершілік қатаңдайды

Қазақстанда мемлекеттік құпияларды сақтауға қатысты жауапкершілік қатаңдайды

Мәжіліс “Кейбір заңнамалық актілерге Қазақстанның арнаулы мемлекеттік органдарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заң жобасы бірінші оқылымда мақұлдады.

Бұл құжат мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы бақылауды күшейтуге, сондай-ақ Мемлекеттік күзет қызметінің өкілеттігін кеңейтуге бағытталған.

Егер мемлекеттік құпияны сақтау талаптарын бұзғаны үшін жаза тағайындалғаннан кейін бір жыл ішінде бұл талап тағы бұзылса жауапкершілік енгізу ұсынылды.“Заң жобасына сәйкес, мемлекеттік құпияларды қорғау деңгейінің төмендеуі ұлттық қауіпсіздікке төнген қатер деп саналады. Осылайша, құпиялардың сақталуын бақылауды күшейтуге және құқық бұзушылықтардың алдын алуға мүмкіндік береді”, – деп мәлімеді Ұлттық қауіпсіздік комитеті.

Ведомство төрағасының орынбасары  Алмас Наймантаевтың айтуынша, мемлекеттік құпияларды қорғау деңгейінің төмендеуін ұлттық қауіпсіздікке төнетін қауіп ретінде қарастыру осы салада жүйелі құқықтық реттеуді қамтамасыз етуге, сондай-ақ құпия материалдармен жұмысқа байланысты себептер мен жағдайларды анықтау, жою және бақылау бойынша тиімді механизмдерді әзірлеуге негіз болған.

Сонымен қатар арнайы мемлекеттік органдар туралы заң экстремизм мен терроризмге қарсы шараларды күшейтеді. Атап айтқанда, ұсынылып отырған норма тек осы жағдайларға қарсы тұрумен шектелмей, олардың пайда болу себептерін анықтау мен жоюды да көздейді.

Сондай-ақ экстремистік және террористік материалдарды сақтауға тыйым салынбақ.

Құжат арнайы мемлекеттік органдардың жедел бөлімдеріне қызметке қабылдаудағы жас шектеулерін алып тастау нормасын да қарастырады.

Фото: Senate.parlam.kz