Қазақстандағы ақша айырбастау пунктерінде доллар күрт арзандады

Қазақстандағы ақша айырбастау пунктерінде доллар күрт арзандады

Қазақстанның ақша айырбастау пунктерінде доллар бағамы күрт төмендеді

2 сәуірдегі доллар бағамы

Сағат 12:20-дағы жағдай бойынша Астананың ақша айырбастау пунктерінде доллар орта есеппен 475 теңгеден сатылып, 468 теңгеден сатып алынып жатыр.

Алматыда америкалық валютаны сату бағасы 472,44 теңге болса, сатып алу орта есеппен 470 теңге.Айта кетейік, 1 сәуірде Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы 475,09 теңге болып, 3,06 теңгеге төмендеген болатын.

Сол күні Астананың ақша айырбастау пунктерінде доллар орта есеппен 480 теңгеден сатылып, 473 теңгеден сатып алынды.

Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде долларды сату бағамы 476,47 теңге, ал сатып алу бағамы 474,22 теңге болды.

Ұлттық банктің 2 сәуірге белгілеген ресми бағамы - 475,09 теңге.

Фото © Tengrinews.kz / Болат Айтмолда