Жақсылық Омарға үкім шығарылды
Бүгін Өскеменде Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омарға алаяқтық және пара алу үшін сот үкімі шығарылды
Сот шенеунікті кінәлі деп танып, 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың ақпан айында Жақсылық Омардың тұтқындалғаны туралы ақпарат интернетте таралған болатын . Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын түсіндірді
Жақсылық Омар 2025 жылдың сәуірінде Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болды . Ол сондай-ақ алты жыл бойы Өскемен қаласының әкімі қызметін атқарды.
Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігінің 1, 2-тармақтары (Ірі көлемдегі алаяқтық) және 366-бабының 3-бөлігінің 3-тармағы (Ірі көлемдегі пара алу) бойынша айып тағылды .
Сотта екі бөлімнен тұратын істің егжей-тегжейлері анықталды : біріншісі Toyota Camry 75 көлігін алуға қатысты, ал екіншісі 6 миллион теңге пара алуға қатысты болды. Шенеунік кінәсін мойындады.
Фото: facebook.com/zhaksylyk.omar