Жанкүйерлер стадионды бірге тазалады
Алматыда «Қайрат» пен «Астана» футбол клубтары арасындағы матч жанкүйерлердің жоғары белсенділігімен өтті. Стадион көрерменге лық толып, ерекше футбол атмосферасы сезілді.
Сондай-ақ, «Таза Қазақстан» бастамасы аясында экологиялық мәдениетке де ерекше назар аударылды. Ойын аяқталған соң еріктілерге жанкүйерлердің өздері қосылып, стадиондағы қоқысты бірге жинады. Қысқа уақыт ішінде тазартылды. Алматылықтардың азаматтық жауапкершілігі мен қоғамдық мәдениеті байқалды
Фото: видеодан скриншот