Ресейде алғаш рет біржұмыртқалы төртем дүниеге келді

Ресейде алғаш рет біржұмыртқалы төртем дүниеге келді


Ресейдің Санкт-Петербург қаласында төрт егіз қыз дүниеге келді. Бұл Ресейде бірдей төртем туған алғашқы жағдай.

Санкт-Петербургтегі № 17 перзентхананың хабарлауынша, қыздар жүктіліктің 32 аптасында туған.

Статистика бойынша, монохориалды — «біржұмыртқалы» төртем — 15,5 млн босанудың біреуінде кездеседі. Елде мұндай ерекше босану бұрын-соңды болмаған.

— Бір уақытта төрт баланы дүниеге әкелу — төрт қолдың жұмысын онға көбейту. Ота жасайтын бөлмеде анестезиолог-реаниматолог мамандар, тәжірибелі операциялық медбикелер және акушерлер бригадасы болды, — делінген перзентхананың жазбасында.

Қыздардың мерзімі үшін өте жақсы көрсеткіштермен туғаны атап өтілді: 1400 г, 38 см; 1570 г, 41 см; 1640 г, 41 см; 1360 г, 37 см.

Фото: №17 босану үйі