Қазақстандықтар мамыр айында қанша күн демалады

Қазақстандықтар мамыр айында қанша күн демалады

2026 жылғы мамыр айы - Қазақстанда мерекелік демалыс күндері ең көп айлардың бірі. Ел тұрғындарын мемлекеттік мерекелер мен Құрбан айтқа орай қосымша демалыс күндері күтіп тұр.

Демалыс күндерінің саны жұмыс кестесіне байланысты болады:

алты күндік жұмыс аптасында - 9 демалыс және 22 жұмыс күні.

бес күндік жұмыс аптасында - 14 демалыс және 17 жұмыс күні;

Бірнеше мемлекеттік мереке мен демалыс күнінің ауыстырылуына байланысты мамыр жұмыс күндері ең аз айлардың бірі болмақ.

Мамыр айында қазақстандықтар бірден бірнеше мемлекеттік мерекені атап өтеді:
1 мамыр (жұма) - Қазақстан халқының бірлігі мерекесі;

7 мамыр (бейсенбі) - Отан қорғаушылар күні;

9 мамыр (сенбі) - Жеңіс күні.

Сонымен қатар 2026 жылы Құрбан айттың бірінші күні 27 мамырға (сәрсенбі) сәйкес келеді. Айта кетейік, исламдық мерекелер тікелей ай күнтізбесіне байланысты, сондықтан нақты күндер өзгеруі мүмкін.

Фото: depositphotos.com/Passcal