Зейнетақы шегі тағы өседі: Қазақстандықтарға енді жинақты пайдалану қиындай түспек

Зейнетақы шегі тағы өседі: Қазақстандықтарға енді жинақты пайдалану қиындай түспек

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зейнетақы жинақтарының жеткіліктілік шегін қайта қарау туралы қаулы жобасын қоғамдық талқылауға шығарды. Өзгерістер азаматтардың зейнетақы қаражатының бір бөлігін пайдалану шарттарына әсер етуі мүмкін.
Жоба қолданыстағы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру тәртібі мен жинақтардың жеткіліктілігін анықтау әдістемесіне өзгерістер енгізуді көздейді. Ұсыныс бойынша, есептеу кезінде кейінге қалдырылған өмір бойғы зейнетақы аннуитетінің құны ескерілмек. Болашақтағы төлемдер үшін қажетті жинақ көлемін нақтырақ анықтауға мүмкіндік береді.
Мамандардың айтуынша, өзгерістер зейнетақы жүйесінің тұрақтылығын күшейтіп, азаматтардың табысын жеткілікті деңгейде қамтамасыз етуге бағытталған. Құжат әлеуметтік – экономикалық жағынан теріс әсер етпейді деп болжанып отыр.

Жеткіліктілік шегі – зейнетақы шотында қалуы тиіс ең төменгі сома. Егер жинақ осы мөлшерден асса, азаматтар артық бөлігін баспана алуға немесе емделуге пайдалана алады.
Қазіргі зейнетақы жинақтарының жеткіліктілік шектері (барлық жас) осындай:

Фото: БЖЗҚ