Ақша айырбастау пунктерінде доллар бағамы 460 теңгеден төмен түсті
Қазақстанның ақша айырбастау пунктерінде доллар бағамы төмендеп жатыр
Ұлттық банктің 7 сәуірдегі ресми доллар бағамы - 466,33 теңге.
Сағат 11:00-дегі жағдай бойынша Астананың ақша айырбастау пунктерінде доллар орта есеппен 464 теңгеден сатылып, 457 теңгеден сатып алынып жатыр. Алматыда америкалық валютаның сату бағасы 460 теңге болса, сатып алу орта есеппен 457 теңгеге тең.
Айта кетейік, 6 сәуірде Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшемді бағамы 466,33 теңге болып, 4,07 теңгеге төмендеді.
Фото:depositphotos.com