Павлодар облысында бірден 8 әкім жазаланды

Павлодар облысында бірден 8 әкім жазаланды

Павлодар облысында экологиялық талаптарды бұзғаны үшін сегіз әкім әкімшілік жауаптылыққа тартылды

Прокуратура жүргізген талдау нәтижесінде Аққулы ауданының аумағында қатты тұрмыстық қалдықтардың жиырмадан аса полигоны анықталды, олардың ешқайсында қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат жоқ.

Экологиялық-санитариялық талаптарға сәйкессіздіктер анықталған, сондай-ақ нормативтік-техникалық құжаттаманың жоқтығы, қоршаған ортаға теріс әсердің алдын алу үшін жинақталған қалдықтардан түзілетін фильтрат пен ағын суларды бақылау жүйесінің жолға қойылмағаны белгілі болды.

Ведомство мәліметінше, өздігінен пайда болған полигондар қоқыс газын бақылау жүйесімен жабдықталмаған. Олар коммуналдық қалдықтарды бақылаусыз орналастыру салдарынан пайда болғаны айтылды.

"Өз кезегінде жергілікті атқарушы органдар тарапынан коммуналдық қалдықтарды басқару кезінде экологиялық талаптардың сақталуы қамтамасыз етілмеген. Нәтижесінде сегіз ауылдық округтің әкімдері әкімшілік жауаптылық қатартылды", - делінген хабарламада.
Жалпы сомасы 1,7 миллион теңге көлемінде айыппұлдар төленді.

Фото: нейрожелі көмегімен жасалған