Алматыдағы резонансты жол апаты: ZEEKR жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды
Алматыда үш адамның өмірін қиған жол апатында айыпталып отырған ZEEKR көлігінің жүргізушісі тергеу изоляторына қамалды.
Алматыда үш адамның өмірін қиған жол апаты бойынша іс жалғасып жатыр.
Полицияның мәліметінше, ZEEKR электромобилінің жүргізушісі тергеу изоляторына ауыстырылды.
Бұған дейін ол ауруханада күзетпен жатқан.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда болған жол апатында бірнеше адам қаза тапты. Кейін апатқа кінәлі жүргізушінің Zeekr көлігін басқарғаны және жеңіл дәрежеде мас болғаны анықталды. Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, күдікті қамауға алынды. Тергеу аясында бірқатар заң бұзушылықтар анықталып, полиция департаментінің бірнеше жоғары лауазымды қызметкері қызметінен босатылды.
Дегенмен қоғамда резонанс тудырған істен соң Ішкі істер министрлігі Ержан Сәденов лауазымы, байланыстарына қарамай кінәлілер жазадан құтыла алмайтынын мәлімдеді.
Фото: видеодан скрин