"Қатты уайымдадым": Төреғали Төреәлі жетінші перзенті дүниеге келгенін айтып, сүйінші сұрады

"Қатты уайымдадым": Төреғали Төреәлі жетінші перзенті дүниеге келгенін айтып, сүйінші сұрады

Танымал әнші Төреғали Төреәлінің жетінші баласы дүниеге келді. Қуанышты жаңалықты әншінің өзі, сондай-ақ оның продюсері Жан Мұқанов бөлісті.

Әншінің айтуынша, қызы 7 сәуірде кешкі 19:00-де өмірге келген.

"Аллаға шүкір, жетінші перзентім дүниеге келді. Бұл – жай ғана жаңалық емес. Бұл – өмірдің жаңа тынысы. Жауапкершіліктің жаңа деңгейі.

Толқында бұл жолы төртінші рет кесар тілігі болды. Шынымды айтсам, қатты уайымдадым. Бірақ ер адам ретінде тек сырттай күтіп тұруды емес, осы сәттің ішінде болуды таңдадым", - деп жазды Төреғали Төреәлі Instagram-дағы парақшасында.

Әнші қызың алғаш болып өзі қолына алған.

"Ота үстінде қарап тұру оңай емес. Бірақ сол бір сәт… ол қорқыныштан да, ауырлықтан да биік тұрды. Бұл – өмірдің қалай басталатынын көру. Бұл – Алланың құдіретін көзбен сезіну", - деді Төреғали Төреәлі."Мәриәм, сенің келуің – мен үшін тағы бір белес. Мен енді тек әке емес, жеті баланың алдында жауапты адаммын. Жолың жарық болсын. Өмірің нұрлы болсын. Әкең әрдайым жаныңда", - деп Төреғали Төреәлі жаңа туған қызын тілегің жеткізді.

Әншінің отбасы жаңа туған нәрестеге Мәриәм деп ат қойған. Бұл есімді нағашы атасы мен апасы ырымдап ұсынған.
Ал әншінің продюсері Жан Мұқанов пен оның жары сәбидің кіндік әкесі-шешесі атанған.

Фото:instagram.com/toregalitoreali