Бүгін Қазақстанның екі мегаполисінде жаңбыр жауады
Астана, Алматы мен Шымкентте 9 сәуірде ауа райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті.
Бүгін Алматыда өткінші жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы 15 градусқа дейін көтеріліп, түнде 11 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 3,0 м/с деңгейінде болмақ.
Астанада да синоптиктер болжамынша, жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы 17 градусқа дейін жетіп, түнде 6 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 8,8 м/с деңгейінде болады.
Шымкентте бүгін күн бұлтты болады. Күндіз термометр бағанасы 20 градусқа дейін жетіп, түнде 10 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 3,4 м/с деңгейінде болмақ.
Фото:NUR.KZ