Қазақстанда 109 жыл бұрынғы температура рекорды жаңарды

Қазақстанда 109 жыл бұрынғы температура рекорды жаңарды

Қазақстанда 2026 жылғы наурыз температураның ауытқуымен есте қалды: айдың басында қақаған аяз, аяғында аномальді жылы болды. Сонымен қатар, осыдан 109 жыл бұрынғы температуралық рекорд жаңарды.

Наурыздағы температуралық рекорд
Наурыздың басында Қазақстан Таймырдан келген суық ауа массаларының ықпалында болып, соның салдарынан қатты аяз орнады. Батыста түнде температура -25 градусқа дейін, солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта және шығыста -35 градусқа дейін, ал оңтүстікте -20 градусқа дейін төмендеді.
Наурыздың үшінші онкүндігінде нағыз көктем келді. Бірнеше метеостанцияда жаңа температуралық рекорд тіркелді:

21 наурыз: Атырау +21,6 градус (2001 жылғы ескі рекорд +18,2 градус), Ақтөбе +11,9 градус (2013 жылғы ескі рекорд +8,1 градус);

24 наурыз: Петропавл +7,3 градус (1995 жылғы ескі рекорд +6,6 градус);

25 наурыз: Атырау +23,5 градус (2023 жылғы ескі рекорд +22,8 градус), Көкшетау +10,6 градус (2001 жылғы ескі рекорд +9,4 градус);

26 наурыз: Көкшетау +15,1 градус (2009 жылғы ескі рекорд +12,3 градус);
27 наурыз: Көкшетау +16,5 градус (2008 жылғы ескі рекорд +14,7 градус), Петропавл +14,5 градус (2008 жылғы ескі рекорд +10,8 градус), Түркістан +31,5 градус (2001 жылғы ескі рекорд +27,1 градус);
28 наурыз: Атырау +24,5 градус (2023 жылғы ескі рекорд +22,6 градус), Көкшетау +17,9 градус (2008 жылғы ескі рекорд +12,8 градус), Петропавл +17,0 градус (2023 жылғы ескі рекорд +13,0 градус);29 наурыз: Орал +22,7 градус (2020 жылғы ескі рекорд +18,9 градус); 

30 наурыз: Атырау +24,8 градус (2023 жылғы ескі рекорд +24,6 градус), Жезқазған +24,4 градус (2008 жылғы ескі рекорд +20,4 градус).

10 наурызда Петропавлда соңғы 100 жылдағы абсолюттік минимум тіркелді: -34,3 градус (бұған дейінгі рекорд 1917 жылы тіркелген: -30,5 градус).

Елордадағы ауа райы
Астанада наурыздағы орташа температура -6 градус болатын айлық нормадан 3,5 градусқа жоғары болды. Ең төменгі температура 1 наурызда -24,5 градус, ең жоғарғы температура 31 наурызда +16,7 градус болып тіркелді.

Фото: depositphotos.com