Тоқаев Трампты "Артемида-2" миссиясының табысты орындалуымен құттықтады

Тоқаев Трампты "Артемида-2" миссиясының табысты орындалуымен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Артемида-2" миссиясының сәтті аяқталуына орай АҚШ президенті Дональд Трампқа құттықтау хатын жолдады.

Құттықтау хатында мемлекет басшысы адамзаттың кейінгі жарты ғасырдағы Айға жасаған алғашқы сапары ғарышты игеруде тарихи кезеңге айналғанын атап өткен.

Президент АҚШ-тың озық ғылыми жетістіктеріне жоғары баға берген. Бұл дүние жүзіндегі ғалымдардың, инженерлер мен зерттеушілердің жаңа буынын жігерлендіріп, білім көкжиегін кеңейтетінін айтқан.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампқа "Артемида" бағдарламасын және ғарыш саласындағы басқа да бастамаларды іске асыруда табыс тілеген.
Айта кетейік, бүгін, 11 сәуірде "Артемида-2" миссиясының ғарышкерлері Айды айналып ұшып, Жерге оралды. NASA "Орион" ғарыш кемесінің Тынық мұхитына сәтті қонған видеосын жариялады.

Фото:Ақорда