Жаңбыр, үсік, найзағай: 11 сәуірде ауа райы қандай болады?
Қазгидромет 11 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды.
Еліміздің оңтүстігінде жылы әрі құрғақ ауа райы болжанады, солтүстікте жауын-шашын түсіп, түнде үсік жүруі мүмкін.
Батыс өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп болжанды, ал шығыста күн салқындау болып, негізінен жауын-шашынсыз болады.
Астана - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Шығыс бағыттағы жел: түнде 2-7, күндіз 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде 0-2 градус жылы, күндіз 13-15 градус жылы.
Алматы - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Батыстан соғатын жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде 7-9 градус жылы, күндіз 20-22 градус жылы.
Шымкент - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын жел 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде 8-10 градус жылы, күндіз 23-25 градус жылы.
Түркістан - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын жел 8-13, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 10-12 градус жылы, күндіз 25-27 градус жылы.
Қонаев - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Батыстан соғатын жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 7-9 градус жылы, күндіз 21-23 градус жылы.
Талдықорған - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын жел 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде 4-6 градус жылы, күндіз 19-21 градус жылы.
Қызылорда - ашық. Солтүстік-шығыс, шығыс бағыттағы жел 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде 11-13 градус жылы, күндіз 23-25 градус жылы.
Тараз - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын жел 9-14, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 8-10 градус жылы, күндіз 22-24 градус жылы.
Ақтау - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғып, оңтүстік-шығысқа ауысатын жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 8-10 градус жылы, күндіз 12-14 градус жылы.
Атырау - құбылмалы бұлтты, түнде жаңбыр, найзағай. Солтүстік-шығыстан соғып, оңтүстік-батысқа ауысатын жел 9-14, түнде екпіні 15-18 м/с. Ауа температурасы түнде 8-10 градус жылы, күндіз 18-20 градус жылы.
Орал - құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр, найзағай. Оңтүстік-батыстан соғып, солтүстік-шығысқа ауысатын жел 9-14, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 3-5 градус жылы, күндіз 10-12 градус жылы.
Ақтөбе - бұлтты, ара-тұра жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан соғып, оңтүстік-шығысқа ауысатын жел 7-12, күндіз екпіні 15-18 м/с. Ауа температурасы түнде 5-7 градус жылы, күндіз 15-17 градус жылы.
Қарағанды - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғып, солтүстік-батысқа ауысатын жел 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде 3-5 градус жылы, күндіз 13-15 градус жылы.
Жезқазған - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыс, шығыс бағыттағы жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде 5-7 градус жылы, күндіз 20-22 градус жылы.
Қостанай - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Тұман. Солтүстік-шығыстан соғатын жел 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде 0-2 градус жылы, күндіз 14-16 градус жылы.
Көкшетау - құбылмалы бұлтты, түнде және таңертең аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі. Шығыс бағыттағы жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 1 градус аяздан 1 градус жылыға дейін, күндіз 11-13 градус жылы.
Петропавл - құбылмалы бұлтты, түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ. Оңтүстік-шығыстан соғып, солтүстік-батысқа ауысатын жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 0-2 градус аяз, күндіз 10-12 градус жылы.
Павлодар - құбылмалы бұлтты, күндіз аздаған жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде 0-2 градус аяз, күндіз 10-12 градус жылы.
Семей - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын жел 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде 0-2 градус аяз, күндіз 10-12 градус жылы.
Өскемен - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын жел 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде 0-2 градус жылы, күндіз 8-10 градус жылы.
Фото: